Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ердоған Астана процесіне жоғары баға берді

baq.kz 14.11.2017 77 0 пікір

Астанадағы келіссөздер, Сирияда атыс-шабыссыз аймақтар құру жөніндегі келісімдер бұл елде қантөгістің азаюына үлес қосты деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Бұл мəлімдемені ол Ресей басшысы Владимир Путинмен Мəскеудегі кездесуден кейін жасады, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Режеп Ердоған Астанадағы келіссөздер қантөгістің азаюына зор үлес қосты деп есептейді.

«Біз аймақтық жəне халықаралық мəселелерді талқыладық. Бұл, əсіресе, Сириядағы соңғы оқиғаларға байланысты. Астанадағы кездесулер жəне деэскалация аймақтары бұл ауданда қантөгіс азаюына айтарлықтай үлес қосты деп санаймыз», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия басшысының пікірінше, қазіргі уақытта Сириядағы кризисті саяси жолмен реттеуге негіз пайда болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат