Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкентте Ғазиз Байтасовтың рухына Құран бағышталды

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жамағат алдында  2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті лаңкестік қылмыскерді ұстау барысында шейіт болған, қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалып, үлкен ерлікпен қаза болған полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты еске алу өтті.

Айтулы шара барысында  ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Еркебұлан Қарақұлов және «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай т.б. жамағаттың қатысуымен Қазақстанның Халық қаһарманы Ғазиз Әбдібекұлын еске алып, марқұмның рухына құран бағыштады.

Хадисте: Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.а.с): «Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?», – деп сұрағанда Алла елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», – депті, Алла елшісі. Мұнда отан қорғаған адамға да Ұлы Жаратушының шексіз мейрімі болатындығын білдіріген.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шарамыздың сауабын мол етіп, елінің тыныштығы жолында шейіт болған марқұмның жайы жәннатта болсын! 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат