Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: Футболдан республикалық турнир өтті (ФОТО)

www.muftyat.kz 11.11.2017 969 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен футболдан «Ұлы дала жастары» атты республикалық турнир өтті. «Astana arena» спорт кешенінде өткен сайысқа алдын ала іріктеуден өткен командалар бақ сынасты.

Достық кездесуде бас жүлдені «Жастар» командасы иеленсе, екінші орынды «Қызылжар» командасы қанжығасына байлады. Ал, «Ертіс тарландары» құрамасы үшінші орыннан  көрініп, барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Бұл достық кездесу. Осы сайысқа қатысып, бақ сынаған барлық құрамаларға алғыс айтамыз. Алла Тағала сіздерге екі дүниенің игілігін нәсіп етсін! Денсаулыққа көңіл бөліңіздер. Себебі, ол біздер үшін аманат», - деп атап өтті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат