Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ: ШӘКІРТТЕРІМІЗ БІЛІКТІ МАМАН БОЛУЫ ҮШІН БАРЛЫҚ МҮМКІНДІКТІ ЖАСАЙМЫЗ (ФОТО)

Әсет Бектұр www.muftyat.kz 01.11.2017 1509 0 пікір

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің жұмысымен танысып, шәкірттерімен кездесті.  

«Әбу Ханифа» медресе-колледжіне шәкірттікке 11-сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады. Биыл діни білім алуға үмітті 100 талапкердің 64-іріктеліп алынған. 

«Діни басқарма діни оқу-ағарту саласы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен меморандум жасап, нәтижесінде тиісті құжаттар әзірленіп, бес діни оқу орнына медресе-колледж атауы берілген болатын. Олар – Сарыағаш, Шымкент, Ақтөбе, Алматы облысы Үшқоңыр елді-мекенінде, тағы бірі – Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі. Бұл бастаманың тиімді екендігі дәлелденіп, оң нәтижесінде көресетуде. Санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасалды. Медреселердің оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек қазіргі заман талабына сай қоғамдық мамандықтар қосылды. Бұл – болашақ дін қызметкерлері үшін үлкен мүмкіндік, зор жетістік. Шәкірттеріміз білікті маман болуы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Сендер де дініміздің өсіп-өркендеуіне, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етулерің, барша жастарға үлгі болуларың қажет» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бұл оқу орынының ұстаздары терең білімімен, тәжірибелі, біліктілігімен, ал, шәкірттері  білімге деген құштарлығымен, күш-жігерімен ерекшеленеді.  Медресе-колледжінің оқытушы құрамында 18 ұстаз бар. Оның ішінде ғылым кандидаттары мен діни білімін шетелден тереңдетіп алған ұстаздар бар.

Кездесу барысында директор орынбасары Данияр Жолдыбаев оқу-ағарту саласы бойынша жүргізіліп келе жатқан жұмыстар туралы баяндап, нақты жоспарларымен бөлісті.

«Медіресеміз 2016- жылы колледж мәртебесіне ие болды. Оған дейін діни білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жасап келдік. Енді колледж болғалы бері исламтану мамандағы бағдарламасы аясында білім беріп жатырмыз. Медреселер үшін мемлекеттік стандартқа сай оқу жоспары мен оқу бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар медресе Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі таңда медереседе 151 студент білім алуда. Оның 89-мектеп бітіріп келген, 54-колледж тәмамдаған, ал, 8 шәкірт жоғарғы оқу орындарын бітіріп келіп білім алып жатыр. Ұстаздарымыз жоғары білімді, білікті мамандар. Медресеміз колледж болғалы бері қалалық білім ордаларымен сайысқа түсіп, ашық бәсекелестікке мүмкіндік ашылды» деді Данияр Жолдыбаев.

Медересенің ағылшын пәні,  Қазақстан тарихы, информатика кабинеттері жаңа технологиялық құралдармен жабдықталып, білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат