Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бұрынғы священник қысқа юбка киген әйелдерді көріп, исламды қабылдағанын айтып берді (фото)

islam.kz 20.10.2017 1537 0 пікір

Кенияда Чарльз Оквани есімді христиан епископы хақ жолға түсіп, шіркеуді мешітке айналдырды. Оның мұндай қадамға баруына шіркеуге келген қысқа етек юбка киген әйелдердің әдепсіздігі себеп болған.

Аталған елдің Ньялгоси елді-мекенінде шіркеу жетекшісі болып қызмет атқарған оның шамына жергілікті халықтың өнегесіз, дәлірегі, қалай болса, солай киініп ғибадат ғимаратына келетіні тиген.

Күндердің күнінде бұған төзбеген ол исламды қабылдап, шіркеуді мешітке айналдырған. Ол асыл дінімізге келмес бұрын ел аумағын біраз шарлап, саяхаттаған. Нақтырақ айтқанда, өзге елді-мекендердегі мұсылмандардың жүріс-тұрысына, киім киісіне назар аударып, исламның хақ дін екеніне көз жеткізген.

65 жастағы священник осылайша мұсылман атанып, есімін Ысмаил деп өзгертті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат