Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ислам институтында жаңа оқу кезеңі басталды

Байжұма Әбдісамат, Ислам институтының әдіскері    12.09.2017 294 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты жаңа 2017-2018 оқу жылын бастады. Жаңа оқу жылында еліміздің түпкір-түпкірінен 250-ден астам дін қызметкері біліктілігін жетілдіреді деп жоспарланып отыр.

Оқу жылына дайындық мақсатында институтымыздың кітапхана қоры институт атынан жарық көрген ақида мен фиқһ мәселелері бойынша бірнеше кітаптармен толықты, сонымен қатар институт ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, намазхана және бірқатар кілемдер жаңартылды.

«Қыркүйек-қараша, 2017» оқу легіне еліміздің алыс-жақын аймақтарынан 57 мешіт қызметкері білімін шыңдауға шақырылып отыр. Бүгінде, Алла алдындағы жауапкершілігі мен ел үмітін арқалаған имамдардан қабылдау емтиханы алынып, білім көрсеткіштері бойынша «жоғары» және «жалғастырушы» екі топта институтымыздың ұлағатты ұстаздарынан тәлім алуға кірісті.

Имамдарымызға екі айлық оқу курсында сәттілік тілеп, Жаратушы Иеміз ілімдерін арттырсын деп тілейміз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат