Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өкіл имам облыс мешіттерінде ішкі тәртіпті күшейтуді тапсырды

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 11.09.2017 204 0 пікір

Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығында өңірдің өкіл имамы Батыржан Мансұров аймаққа қарасты жеті ауданның имамдарымен кездесті.

Қызылқоға, Индер, Исатай, Құрманғазы, Мақат, Махамбет және Жылыой аудандарындағы мешіттердің ахуалы, ішкі жағдайлар сараланған жиында облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы  ғибадат үйіндегі ішкі тәртіпті қатаң сақтау мәселесіне назар аударды.

Бұған дейін бірқатар мешіттерде жамағат тарапынан имамға бағынбау, намаз ғибадатының шарттарын бұзу жағдайларының кездесіп, жағдайдың соңы әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалуға дейін апарғаны белгілі. Осындай штаттан тыс оқиғалардың алдын алу үшін де, бас имам аудан мешіттерінде бірлік, тыныштық, бейбітшілік тақырыбында көбірек жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Асылында, ислам бейбітсүйгіш, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын дін. Демек, елдегі бірлікті, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау да исламның ұлы мұраттарының бірегейі болып табылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат