Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Әйгілі "әл-Азһар" университетіне" Нұр-Мүбарактың" үздік түлектері кедергісіз қабылданбақ

11.09.2017 418 0 пікір

Бұл жөнінде бүгін "Нұр-Мүбарак" университетінің ректоры профессор Жуда Абдулғани Басюни мәлімдеді. Жаз бойы екі университет арасындағы білім ынтымақтастығы аясында еңбек еткен профессор "Нұр-Мүбарак" түлектерінің арасынан суырылып мысырлық "әл-Азһар" университетінің грантына ие болғандар енді бірден бірінші курсқа оқуға түсетінін жеткізді. Яғни осы кезге дейін Мысыр тарапынан бөлінген білім грантына ие болған түлектер "әл-Азһардың" бірінші курсында оқу үшін бірнеше жыл дайындық курсынан өтетін. Енді осы екі елдегі оқу бағдарламаларын салыстыра келе, "Нұр-Мүбарак" университетінің басшылығы түлектердің білім сапасының талаптарға сай екендігін дәлелдей отырып білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер есігі ашылды.

Сондай-ақ, биыл "Нұр-Мүбарак" университетіне жаңа ғылым докторлары, профессорлар келуде. Білім саласында ғана емес, ислам дінін классикалық жүйеде оқыту бойынша мың жылдық тәжірибесімен бөлісуші Мысыр елінің Қазақ еліне деген ықыласы да ерекше. Оған әрбір жиыны әуелі қасиетті Құранмен басталып, қос елдің мемлекеттік әнұранымен жалғасатын білім шаңырағының тыныс-тіршілігі дәлел. Жақсы жаңалықтарға толы болған жиында проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза студенттерді тағы жақсы жаңалықпен сүйіншіледі. Кеше ғана келіп кеткен Қарағанды облысы 10 білім грантын бөлгенін, дәл осындай қолдауға Батыс Қазақстан облысы да сайланып отырғанын айтты. Тағы бірнеше облыстар ақылы бөлімде білім алушы үздік студенттерді барынша қаржылай қолдауға құлшыныстары жоғары.

- Сіздерге барлық мүмкіндік жасалып жатыр, ілім іздеп шет ел аспайсыздар, Мысырдың өзі алдарыңызға келіп тұр. Дәл мұндай екі ел ғалымдарының басын қосқан оқу орны әлемде еш мемлекетте жоқ, сондықтан Қасиетті Құран тілін, ислам ғылымын үйренемін деген жандар әр уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар, - деді проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза.

Осылайша, сәттілік пен ақ батаға, ағалық ақыл-кеңеспен көмкерілген салтанатты жиыннан оқу орнының табалдырығын жаңа аттаған студенттер ерекше қанаттана түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат