Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2017 216 0 пікір

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өкіл имам Төлеби Оспанның төрағалығымен алқа отырысы өтті. Оған барлық қала имамдары мен мешіт молдалары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер қатарында жуырда жұмысын қайта бастайтын мешіттердегі тоғыз айлық сауат ашу курсының дайындық жұмыстары пысықталып, соның ішінде, сабақ кестесін құру, шәкірттердің тізімін әзірлеу керектігі айтылды. Сондай-ақ, мешіт имамдарына жат ағым өкілдерімен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

Жиында бұдан бөлек барлық діни рәсімдері діни басқарма бекіткен жаназа пәтуасы негізінде атқару жайы сөз болып, оны атқарушы мешіт имамдары мен молдалардың өз міндетіне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарау керектігі ескертілді. Осы ретте, жалпы діни рәсімдерді атқаратын имам, молдаларды бекіту, тіркеп отыру, жұмысты бір жүйеге келтіру мақсатында бұған арнайы жауапты қызметкер тағайындалды.

Қоғамдық қызмет негізіндегі бұл міндет қалалық орталық мешіттің молдасы Кенжеғарин Халықбергенге жүктелді. Осыған сәйкес, ендігі арада діни рәсімдердің орындалуына байланысты кез-келген өтініш, сұрақтар бойынша осы аталған азаматқа жолығу керектігін қала тұрғындарының қаперіне саламыз.

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 1

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 3

 

WhatsApp Image 2017 09 05 at 19.35.07 4

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат