Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам еріктілерді марапаттады

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.09.2017 550 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық мешіті мүбәрак мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін бірқатар игі шаралар мен ізгі істерді ұйымдастырды.

Құрбандық шалған жандарға қолғабыс болып, қасапшылық қызметпен қатар, құрбандық еттерінің мұқтаж отбасыларға үлестіріу жұмыстарына Алла разылығы үшін көмектесіп, белсенді қызмет атқарғандарды өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков марапаттады. Бас имам мешіт жамағатынан құралған еріктілерге өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Алла Тағала Рахман сүресінің 60-аятында: «Сендерге жасалған жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарыңдар!» делінген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат