Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Құрбан айттағы қайрымдылық

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.09.2017 371 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық мешіті «Құрбан айт» күндері қайрымдылық шараларын ұйымдастырды. Игі шара қарттар үйінде де өз жалғасын тапты. «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі науқас қарттарға орталық мешіттің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы мен мешіт жамағаты арнайы зиярат жасап қайтты. Іс-шараға мекеме басшылығы дән риза болып, алғысын білдірді.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі. Өйткені, араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді.

Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат