Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жеңіс күніндегі аламан бәйге (ФОТО)

11.05.2014 1682 0 пікір

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің биылғы жыл дін мен дәстүр жылы болып жариялауына байланысты Семей қаласы Шөптіқақ ауылында жеңіс күніне орай дүбірлі ат жарыс болды.

Бұл шарада ат жарыс, тай жарысы, күрес, футбол, ойындары өткізілді.

Алдымен шара теңбілдоп ойынымен басталды. Жарыс қыза түсіп, балуандар сайысы да тартымды өткізілді. Дана халқымыз: «Берсең балаға бер», – демекші жас балалар күресі, жиналған қауымның көңілінен шыға білді.

Жиылған жамағатқа ақ дастархан жайып, ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы  Алтыбай Мақсат сөз алып, «Бірлік, ынтымақ» және дініміз бен дәстүріміз жайында уағыз айтып, ауызбіршілікке шақырды.

Дастархан басында осы іс шараға демеушілік жасаған қаламыздың кәсіпкері Дәуренбек Барықұлы мырзаға шапан жауып алғыс хатпен марапаттады. Ат жарыс, күрес, футбол жарысының жеңімпаздарына Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат