Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шәкірттер емтихан тапсырды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 21.07.2017 529 0 пікір

 

Бүгін Орал орталық мешітінің жанынан ашылған жазғы діни сауат ашу курсында ілім алған 25 шәкірт  емтихан тапсырды.

     Емтиханға  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, Орал орталық мешітінің наиб имамы, медресе ұстазы Абдурашит Қарабаев, шәкірттерге дәріс берген ұстаз Светлана Бажуова қатысты.

    Алдымен өкіл имам Руслан Тыныштықұлы сөз алып, «Білім» турасында уағыз айтып, жас ұрпақты білім алуға шақырды. Иманды жас болып, ілімді азаматша болып өсіңдер,-деп  ақ батасын берді.

 Одан кейін 25 шәкірт ақида, фиһқ, құран пәндерінен емтихан тапсырып, ұстаздардың қойылған сауалдарына мүдірмей жауап беріп, бәрі де сәтті өтті.

 Шара соңында шәкірттер ұстаздарымен естелік суретке түсті.

  Алла Тағала баршамызға екі дүниенің білімін нәсіп етсін! 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат