Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Ұстаздардың діни ілімін арттыру көзделуде

12.04.2017 956 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен  «Әйелдер-қыздар» секторы бірлесе отырып, облысқа қарасты мешіт ұстаздарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыруда.

«Ұстаз – тәрбиелеуші» - дегенді ескерер болсақ, бүгінгі таңда қыз балаларға Ислам діні тұрғысында тәлім-тәрбие берумен қатар, діни сауаттылығын арттыруда ұстаздардың рөлі зор. Мешітке діни сауатын ашу үшін келетін қыз-келіншектерге аптасына бірнеше мәрте дәріс өткізіп, мұсылман қыздарына тән сыпайылық пен инабаттылықты дәріс алушылардың бойына сіңіре білетін ұстаздарымыздың да діни білімін жетілдіріп отыру – өте орынды да абзал жұмыс.  

Осы бағытта облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Файзуллина Марал алғашқы семинар сабағын бастады.

Әйел ұстаздардың діни ілімі мен біліктілігін арттыратын апталық семинарда ақида, фикһ, тасаууф, ахлақ, діндер тарихы сынды тақырыптар қамтылатын болады.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат