Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

14.06.2018 136 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Алланың гүлі» кешені – «Ырыскелді қажы мешітінде» Құран хатым дұғасын жасап, жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Рамазан айы мен Қадір түнінің маңызы мен қасиетіне айрықша тоқталған Бас мүфти:

«Қадірлі жамағат! Кеше ғана келген рамазан айының аяқталуына санаулы сәттер мен сағаттар қалды. Басталған әр нәрсенің соңы болады. Осы сәтте біз өзімізге іштей есеп беріп: «Рамазанды қалай өткіздім, қандай сауапты амалдарды жасап үлгердім, оразадан кейін қандай ізгі істерді жоспарлауым тиіс», – деген сауалдар төңірегінде ойлануымыз тиіс. Рамазан – мұсылманның бір белесі іспетті. Алла Тағала оразамызды, дұға-тілектерімізді, ізгі ниетімізді қабыл еткей. Жаратушы Иеміз халқымыздың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баянды еткей», – деп дұға жасады.

Хатым дұғасынан кейін Серікбай Сатыбалдыұлы жамағатпен жүздесіп, кездесудің соңы салиқалы сұхбатқа ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру