Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА ҚҰТПАСЫН ОҚЫДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

27.04.2018 274 0 пікір

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, қасиетті жұма намазына қатысты. Сансыз сауапқа кенелтетін жұма намазын еліміздің Бас мүфтиімен бірге иық тіресе тұрып оқитындықтарын білгенде «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағат ақсақалдары қуаныштарын білдіріп, қауқылдасып қалды. Қасиетті жұма намазын айтпай-ақ, жайшылықтағы бес уақыт намаздың өзінде алдыңғы саптағы орындарын «ешкімге бермейтін» «Әзірет Сұлтан ақсақалдарының» Бас мүфти таныстығы баяғыдан басталған болатын.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті жұма намазы алдында мешіт мінберіне көтеріліп, жиылған жамағатқа жұма құтпасын оқыды. Қасиетті Құран аяттарынан мысал келтіре отырып, адам баласының Алла Тағала алдында ұлтына, нәсіліне, тегіне қарап бөлінбейтінін, тек тақуалық дәрежесіне қарай бағаланатынын жеткізген Бас мүфти құтпасы жамағатты жақсылыққа жігерлендіре түсті.

Намаз соңында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге қол жайып, еліміздің жарқын ертеңі үшін, асыл дініміздің абыройы үшін, жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру