Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: ЭСТОНИЯМЕН РУХАНИ БАЙЛАНЫС АРТАДЫ (ФОТО)

12.03.2018 254 0 пікір

Аcтанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Эстония мұсылмандарының басшысы, мүфти Ильдар Мұхамедшинмен кездесті.

Ресми кездесуде мүфтияттың ұйымдастыруымен өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы сөз болды.

«Мәртебелі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы! Астанада өткен Еуразиялық форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халықаралық басқосуда баяндама жасауға мүмкіндік алдым. Форумға шақырғандарыңыз үшін Сізге, Қазақстан мүфтиятына үлкен алғысымды білдіремін. Бұл форум Эстония мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармалары арасындағы рухани байланысқа үлкен көпір болды деп есептеймін. Сізді Эстонияға ресми сапармен келуге шақырамын. Мұсылманның бір-бірін зиярат етуі – олардың арасындағы бауырмалдық қарым-қатынасты арттырады», – деді мәртебелі мейман Ильдар Мұхамедшин.

Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын тұрақты ұйымдастыру қажеттігі жайлы айтып өтті. Ильдар Мұхамедшинге форумда мазмұнды баяндама жасағаны үшін алғысын білдірді.  

Кездесу соңында екі елдің мүфтилері өзара ықпалдасып, бірлескен игі жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру