Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ АЛМАТЫДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

08.01.2018 60 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласындағы «Бақыткелді» мешітінде «Садақа – береке кілті» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Садақа ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. Хадисте: «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін», – делінген. Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалып, Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан. Жасалатын жақсылық істің садақа болуы үшін діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек: мұқтаж жанға беру, Алла разылығы үшін берілуі, берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс. Ислам өзгеге жәрдем беруді бұйыратын дін. Адамзат тарихына үңілгенімізде, Исламға дейін бірде-бір елде жарлы мен байдың, әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік болмаған. Ал ислам діні адамдар арасындағы теңдікті орнатып, бай мен жарлыны жақындатып, бір-біріне көмек қолын созуды, қарайласуды мұсылманға міндет әрі сауапты амал екенін сүйіншіледі», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Садақа - береке кілті | жұма уағызы | Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру