Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ҰСТАЗЫНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

11.12.2017 1218 0 пікір

Мүфтият тарихында төртінші мүфти Серікбай қажы Ораз алғашқы ресми кездесуін Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рəтбек қажы Нысанбайұлының қарашаңырағында өткізді.

Ақсақал өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, шəкіртіне ақ батасын беріп:

«Сен Алланың қалауымен Бас мүфти қызметіне діни салада ұзақ жылдар бойы жинақтаған тəжірибеңнің арқасында келдің. Жұмысыңа табыс тілеймін. Жаратушы Ием жар болсын», - деген ақ тілегін жеткізді.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рəтбек қажы Нысанбайұлына ислам дінінің қазақ даласына келіп, бүр жарғаннан бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы»  атты кітапты сыйға тарту етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру