Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ ҮШ СҰРАҚ

muftyat.kz 07.08.2018 568 0 пікір

Қағба – жай ғана тастан қаланған ғимарат емес, жер бетіндегі ең алғаш салынған мешіт. Сондықтан да қажылық мұсылмандар үшін үлкен маңызға ие құлшылық түрі болып табылады.

Мекке жеріне қажылыққа бару – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Қажылық парызын орындау үшін мұсылманның физикалық әрі қаржылай мүмкіндігі шектеулі болмауы тиіс. Алайда рухани дайындық бірінші орында болуы керек. Қажылық уақытында адам баласы Жаратушыға бір табан жақын болу мүмкіндігіне ие болады. Бұл кез Жаратқаннан кешірім сұрап, жүрегі мен жан дүниесін тазартудың таптырмас мезгілі.

 

Неге қажылар Мәдинада болады?

 

Әз пайғамбар ﷺ 571 дүниеге келіп, 632 жылы өмірден озған. Ол кезде 63 жаста болатын. Өмірінің 53 жылын Меккеде, ал 10 жылын Мәдинада өткізген.

Мәдина қаласын зиярат ету үлкен қажылықтың, сондай-ақ кіші қажылықтың да шарты болып табылмайды. Алайда, сонау ұзақ жерден келетін қажылар әз елшінің ﷺ табаны тиген, өмір сүрген жерлерде болуға құлшыныс танытады.

Сонымен қатар, пайғамбар мешітінде оқылған намаздың сауабының да үлкендігін айтa кеткен жөн. Қажылардың Мәдина қаласында болуының да мәні осы жерде жатыр.

Алла елшісі ﷺ:

«Кім менің мешітімде бір парыз намазын өткізбеген түрде қырық намаз оқыса, оттан аман қалуы, азаптан құтылуы жазылып, екіжүзділіктен арылған болады»,- деген.

 

Не үшін Қағбаны 7 рет айналады?

 

Қағбаны жеті рет айналып, тауап жасау – Жаратушыны жалғыз деп танудың белгісі. Тауап жасау күллі мұсылмандардың ауызбіршілігін, бірлігін сақтауға ұмтылуды білдіреді.

Бұл жердегі «7» саны символдық рөл атқарады, себебі жеті қат көк, нәпсінің жеті дәрежесі деген ұғымдар мұсылмандар үшін жат емес. Әрбір айналым нәпсінің жеті түрлі дәрежесін, яғни төменнен жоғарыға қарай ауысуын білдіреді. Ол ауысудың өзіне тән атауы бар: «аммар» нәпсісінен «мутмаинн» нәпсісіне ауысу делінеді.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

«Жеті қат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс атаулы Алланы кемшілік атаулыдан пәктейді әрі ұлықтайды. Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ. Алайда сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсіне алмайсыңар. Ол өте сабырлы, аса кешірімді»,- деген.
Қағбаны тауап ету нәпіл намаздан да артық деген рас па?

 

Ардақты пайғамбарымыз бір хадисінде: «Қағбаны тауап ету – өз алдына құлшылық. Расында Алла Тағала тауап жасап жатқанда сөйлеуге рұқсат еткен. Егер сол сәтте сөйлер болсаңдар, тек жақсы сөз айтыңдар»,- деген.

Бұл хадистен тауап жасаудың намаздай қадірі мен қасиеті бар құлшылық екенін аңғарамыз. Міндетті болған тауап – парыз етілген намаз болса, ал қосымша жасалатын тауап – нәпіл намаз секілді.

Мұсылман адам үшін намаз артық па, әлде тауап па? деген сұраққа Абдулла ибн Аббас:

«Мекке халқы үшін намаз артық, ал шеттен келгендердің тауап жасағаны абзалырақ»,- деп жауап берген.

 

Саид бин Жубейр де осы көзқарасты ұстанған.

Айша анамыздан жеткен риуаяттарға сәйкес, әз елші ﷺ:

«Қағбаға қарау – бұл да құлшылықтың бір түрі»,- деген екен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат