Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Құмырсқа жайлы хикая

muftyat.kz 05.04.2018 902 0 пікір

 

Ертеде екі құмырсқа көрші болыпты. Екеуі бірге еңбек етіп, азық тауып, отбасын асырапты. Бірі иманды әрі көп құлшылық жасайды екен, ал үлкен құмырсқа болса, үнемі шағымданып, өміріне разы болмай жүреді екен.

- Көршім, неге үнемі көңілсіз жүресің?,- деп сұрағанда:

- Несіне қуанайын, жағдайым нашар, үлкен үйім, сұлу әйелім де жоқ. Қарапайым шаруамын»,- дейді.

Сонда көршісі басын шайқап: «Қолыңда бұл дүниенің барлық нығметі бар, осы айтқандарыңа өкініп қалмасаң болды»,- дейді.

- Қолымдағы барымнан айрылсам да, өкінетін ешнәрсем жоқ»,- дейді ашулы құмырсқа.

Егістіктегі жұмыс аяқталған соң, екі көрші үйлеріне келеді. Түн суық болып, қатты жел тұрады. Үлкен құмырсқа етігін далада қалдырғаны есіне түседі де, аулаға шығады. Сол кезде құйын көтеріліп, айнала шаң болып кетеді. Құмырсқа көтерілген шаңның ішінде қалады. Шаң-тозаң көзіне толған әлгі байқұстың екі көзі көрмей қалады. Ол басын ұстап зар илеп, үйінің ішінде зыр жүгіре жөнеледі. Оны сабырға шақыра алмаған әйелі мен балалары бұрышта состиып тұрып қалады. Сол түн осылай өтеді.

Ертесі күні ашуы тарқамаған әлгі құмырсқа отбасын үйінен қуып шығады. Құдайдың оны жазалайтынынан хабары жоқ долы құмырсқаның есіне көршісімен болған әңгіме түседі. Сол мезетте ол тәубесіне келіп, Жаратушыдан жарылқау тілей бастайды. Күндер өтіп жатты, ол әрең күн көріп отырған еді, үйдегі тамақтың да таусылуына аз күн қалған болатын. Қолынан бар келгені бөлменің ортасына отырып алып ойға бату болды.  Жақсы әйелі, дені-қарны сау балалары, үйі, жұмысы бар еді, ең бастысы ол көре алатын, ал енді, жалғыз өзі ғана түлкі құрсақ күн кешуде. Жаратушыға шүкіршілігі көп құл екенін дәлелдеп, бәрін қалпына келтіруді қалады.

Кенет есік қағылады. Алайда есікті ашқанда кімнің тұрғанын көрмейтін еді.

- Ассалаумағалейкум, бауырым! – деген қырылдаған дауысты естіді. – Құдайы қонақпын, осы жерге түнесем, аздаған жүрек жалғар ас бересің бе?

Ол жолаушыға төсеніш пен қалған тамағын береді.

- Неге мұңдысың?,- деп сұрайды жолаушы.

- Олай емес, Құдайға шүкір! Мұқтаж жанға көмек беру мүмкіндігін берген Жаратушыма ризамын»,-деп жылап жібереді.

Жасын сүрткен кезде көзі қалпына келген ол құдайы қонаққа қарағанда алдында ұзын бойлы, әдемі адамның тұрғанын көреді.

- Мейірімділік танытып, өзіңде аз болса да қолыңдағы барыңмен бөліскенің үшін және шынайы тәубеге келіп, Жаратушыдан жәрдем сұрағаның үшін Раббың сенің жанарыңды қайтарып берді»,- дейді де көзден ғайып болады.  

Біздің кейіпкер болса қуана жүріп, үйін қалпына келтіріп, отбасын алып келіп, құлшылық жасап, еңбек етіп бақытты ғұмыр кешкен екен.

Біз де пендешілікпен тағдырымызға налимыз, деніміздің саулығы Рақымды Раббымыздың берген нығметі екенін ұмытып кетеміз. Қолдағы барымызға шүкіршілік етейік!

Алла Тағала баршамызды Өзінің тура жолынан тайдыра көрмесін! Әмин! 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат