Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Омар ибн Хаттабтың насихаты

muftyat.kz 09.02.2018 1175 0 пікір

 

Омар ибн Хаттаб Сағд ибн Әбу Уаққастың әскерін Құдыс маңындағы шайқасқа аттандырып тұрып былай деп насихат айтады:

«Жасаған күнәларыңнан дұшпандарыңнан қорыққаннан да қатты қорқыңдар. Себебі сендердің істеген күнәларың дұшпандарыңнан да қауіпті. Біз, мұсылмандар, жауларымызды олардың күнәлары біздің жасаған күнәларымыздан үстем болғандықтан ғана жеңе аламыз. Егер біздің күнәларымыз жауларымыздың күнәларымен тең болатын болса, олар бізді ойсырата жеңер еді, себебі олардың қару- жарағы мен әскері біздікінен үстем».

Әбу Хасан әл- Фарази мына бір оқиғаны баяндайды:

«Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұшпандары сахабаларына төтеп бере алмайтын, оның бір мысалы:

Римдіктердің жеңілгені жайлы хабар Антиохиядағы Ираклияға жетеді, сол кезде ол: «Сендермен шайқасқан адамдар туралы айтып беріңдер. Олар да сендер секілді адам емес пе?»,- дейді.

Халық: «Расында солай»,- деп жауап берді.

Ол болса: «Саны жағынан кім басым: сендер ме әлде олар ма?»

Олар: «Біздің санымыз басым»,- дейді.

Патша сонда: «Сонда сендер олармен шайқаста жеңіліп қалдыңдар ма?»,-деп сұрайды.

Сол кезде халық арасынан ақсақалды, құрметті қарт тұрып:

«Өйткені олар түнде намаз оқиды, күндіз ораза ұстайды, өзара жасасқан келісімді орындап, уәдеде тұрады, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды, олар өзара әділ әрі тату. Ал біз болсақ, шарап ішеміз, зина жасаймыз, Жаратушыға бағынбаймыз, келісімді бұзамыз, ұрлық жасаймыз, қорлық пен зұлымдық көрсетеміз, Жаратушыға ұнамды амалдан тиып, Алла тыйым салған нәрсені жасатамыз. Осылайша біз елде күнәһарлық пен бұзықтықтың жайылуын тудырып отырмыз».

Осы кезде Ираклий: «Расында сен шындықты айтып тұрсың»,- деген екен.

Парсылық патша тұтқындағы бір сахабадан: «Ертеректе сендермен шайқасқа түскен кезде жеңіспен оралатын едік, қазыр неге сендерді жеңе алмаудамыз?»,- деп сұрайды.

Оның бұл сұрағына әлгі сахаба:

«Өткен ұрыстарда сіздерде әскер мен қару- жарақ көп болды. Дегенмен, қазыргі жағдай мынандай: Алла Тағала біздің тарапымызда және Ол ешқашан жеңіліске ұшырамайды»,-деп жауап берген екен.

Бір барлаушы өзінің патшасына сахабаларды былай деп суреттеп берген:

«Олар күндіз – жауынгер, ал түнде - тақуалар».

Қазіргі таңда Алла Тағаланың  жәрдеміне қол жеткізуіміз керек. Алланың қолдауы мен жәрдемі тек қана бойұсынушылық, шынайы ықылас және Алланың жәрдеміне шүбәсіз сену арқылы келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат