Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Істің оңға баспау себебі неде?

Дәулет қажы Қабидолдин Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы www.muftyat.kz 07.12.2017 303 0 пікір

Картинки по запросу дела

Өмірде адам басына келетін сынақтар аса көп. Бұл пенденің маңдайына жазылған тағдырдың заңы. Адам қиындыққа мойымау керек. Сәл ғана қиындық көргенде адамдар өмірден түңіліп, барлық жақсылық аяқталғандай, әлем тарылғандай көрінеді. Бұл дұрыс емес. Адам «жолым жабылды» деп үмітсіздікке салынбау керек. Қазақта «Үмітсіз шайтан деген» ұлағатты сөз бар. Халық өлеңдерінде :

«Күнінде тоқсан тоғыз пәле көрсең,

Сонда да үміт үзбе бір Алладан»  деп, алдыңда күтіп тұрған жақсылықтан үміт үзбеуді бабаларымыз насихаттаған. Адам баласына қиындық кездессе, оны жеңуге тырысу керек. Жол-ашу, пәле жаладан арылу, үмітсіздіктен арылу туралы ислам дінінде көптеген тағылымдар, хадистер мен дұғалар бар.

Алла Тағала Құранда «Бақара» сүресінің 155-аятында:

«Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» деген. Сондықтан келген қиындық Алла Тағаланың сынағы деп қабылдау керек. Сабырлы болуды қажет етеді.

Қиыншылықтар адамның басында орнап қалмайтындығын ескеру керек. Мұндай жағдайда «жолым жабылып қалды» деп, уайымға салынуға болмайтындығын ескеру керек. Рыздық пен несібенің, жақсылықтың, бақыттың қайнары бір ғана Алланың қолында екендігін естен шығармау керек.

Бұл жайлы қасиетті Құранның «Әнкабут» сүресі, 17-аятында:  

«Расында Алладан өзгеге табынғандарың сендерге арналған несібеге иелік етпейді, сондықтан да Алладан несібені аңсаңдар, және Оған сыйыныңдар, және Оған алғыстарыңды білдіріңдер, сендер Оған қайтарыласыңдар» деп үкім еткен.

Жол неге жабылады? Исламда бұл сұрақтарға нақты жауап берілген. Атап айтқанда ғұлама Баззардан жеткен бір хадисте: «Егер зинақорлық жайылса кедейлік пен қаріп-қасерлік те жайлайды» деген. Демек, күнә жасау адамдының жақсылықтардан ада қалуына алып келеді деп ойлауға болады. Ұлы құдірет иесі Алла Қасиетті Құранның«Шура» сүресінің 30-аятында: «Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді»  делінген.

Бір сөзбен айтқанда адам күнәнің азабын тартып, жақсылыққа кенеле алмайды деген сөз. Алла қашанда кешірімді, мейрімді. Сондықтан күнәларымызды кешіруді әр кез жалынып сұрауымыз керек.

Күнәнің зияны туралы ислам ғалымдарының бірі: «Мен егер бір күнә жасап қойсам, сол күнәмнің әсерін әйелім мен мінетін көлігімнің мінез-құлқынан кездестіремін» деуі бұл тағылымның соншалықты рас екендігін көрсетеді. Тағылымда «Күнәнің жазасы соңынан келетін тағы бір күнә, ал жақсылықтың сыйы соңынан келетін тағы бір жақсылық» делінген.

Қандай бір апат немесе басқа да жамандық адамның күні жасауынан болады деп айтуға толық негіз бар деуге болады. «Рум» сүресі, 41-аятында: Құрлық пен теңізде адамдардың қолекі істегендерінің кесірінен бүліншілік шықты. Олардың істегендерінің кейбірінің сазайын таттыру үшін. Мүмкін олар бағыттарынан қайтар» делінген. Бұл жайлы Хазіреті Омардың (оған Алла разы болсын) тұсында жер сілкінгенде ол кісі: «Ей, адамдар! Бұл жер сілкінісі сендердің жасаған бір күнәлі істеріңнен болды. Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, егер бұл сілкініс қайталанса сендермен бірге бұл жайда ешбір тұрмаймын» деген екен, деседі, тарихи баяндарда.

Сондықтан Алланың ақ жолында күнә жасамай жүрсек, жолымыз ашық болады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат