Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тіл-көзден сақтану және одан арылу жолдарын білесіз бе?

Дәулет қажы Қабидолдин, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің  наиб имамы www.muftyat.kz 13.11.2017 211 0 пікір

Похожее изображение

Қазақ халқы ғасырлар бойы көз тиюге айырықша мән берген. Демек, бұл құбылыс кездейсоқ емес бар болғандықтан ұлтымыз одан сақтанудың және арылудың жолдарын қарап келген. Қандай бір таңғалған жағдайда «тіл көз болмасын», «тілім тасқа» деп ырымдап барып, өзінің таңданысын жеткізуі тегін емес болса керек.

Халық ауыз әдебиетінде де тіл-көз тиіп қайтыс болыпты деген тіркестер көп кездеседі. Күні бүгінге дейін тіл-көзден сақтану ең бір маңызды сауал болып отыр.

Исламда да бұл мәселеге үлкен маңыз берілген. Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Көз тиюдің бар екені ақиқат»,– деген (Муслим, Сәләм 42; Тирмизи, Тыбб 19)

Тіл-көзден сақтану үшін алдымен адамның рухани күші берік болу керек. Ол үшін Ұлы Алла Тағалаға сыйыну, ішкі қарсылық күшті арттырудың маңызы зор.

Тіл-көзден сақтану үшін «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін үнемі оқып жүру қажет делінген. Бұл сүрелер адамды тіл-көзден, көлденең қатерлерден сақтайтын сүрелер болып табылады. Алланың есімдерін, сипаттарын, Алланың  аты бар аяттарды оқудың септігі орасан.

 Сонымен бірге адамның назарын аударатын, елдің қызығушылығын туғызатын жақсы заттар ұстау, бағалы киімдер секілді  айналадағы жандардың қызғанышын оятудан сақтанып жүру керек.

 Қандай да бір әркетіңізді мақтаған адамға «Аллаға шүкір» деңіз, «машалла» десеңіз деген секілді ықыласыңызды сыпайы жеткізу тіл-көзден сақтанудың бір жолы болмақ. Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді»,– деп өсиет айтқан. Бұл өсиет адамның жадында жүретін жайттар болуы керек. 

 Көз тиюден арылудың мынандай жолдары бар:

Алладан жәрдем сұрау қажет. Дұға жасау, ол дұға шариғатымызда  «руқия» деп аталады. Имам Муслимнің хадис жинағында «Бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иашфикә» деген Жебрейіл періштенің ардақты пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білдірген рұқия дұғасы келген. «Алланың атымен... Саған қиындық пен ауыртпалық берген барлық нәрседен, әрбір жанның және кез келген қызғаншақ, көреалмаушының жамандығынан саған руқия жасаймын (Саған дем саламын). Шипа беруші – бір Алла ғана. Алланың атымен руқия жасаймын (жалбарынамын)»,-делінген (Муслим, Сәләм 40)

 Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Умму Сәләма анамыздың үйіне барғанда көз тиген баланы көріп: «Оны көз тиюден қорғау үшін дем салдырмадыңдар ма?», –  деп сұрауы жоғарыда аталған дұғалардың көз тигенді қайтарудың маңыздылығын білдіреді (Бухари, Тибб 35)

 Бірде Жағфар ибн Әбу Тәліптің екі баласын пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген кезде балалардың күтушісінен: «Бұлар неге азып кеткен?»,– деп сұрайды. Сол кезде ол: «Уа, Алланың елшісі, оларға көз тиген. Оқытуға қалай қарайтыныңызды білмегендіктен оларды оқытпадық»,– деген кезде Алла елшісі:

«Оларды оқытыңдар. Егер пешенеге жазылғанның алдын алу мүмкін болса, ол көз тию болар еді»,– деп жауап берсе керек. (Тирмизи, Тыбб 17) 

 Қорыта айтқанда, осы хадистерге қарап отырып, көз тиген кезде дұға оқып, дем салудың маңызды екенін аңғарамыз. Дем салған кезде тек Құран аяттары мен хадистердегі дұғалар болуы шарт.

"Құдай тіл-көзден сақтасын" деп дұға етіп жүрудің де еш артықшылығы жоқ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат