Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдері қаншалықты қызғанған? Исламдағы ашу мен қызғаншақтық

www.muftyat.kz 11.09.2017 403 0 пікір

Бір күні Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарға шығады. Оның қасында әйелдерінен Умму Сәляма мен Сафия (оларға Алла раз болсын) болады. Күндіз жол жүргенде әрі түнде олар кезекпен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында болып отырады. Бірде Умму Сәляманың қасында түнеуі керек болатын түні байқаусызда түйені шатастырып алып, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сафияның қасына жақындап, онымен біраз сөйлеседі.
Бірақ бүгін оның кезегі емес екенін түсініп, бірден Сафияның қасынан кетіп, Умму Сәлямаға барады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сафиямен әңгімелесуі әрі кешігіп келуі Умму Сәляманың шамына тиеді. Оның бойын қызғаныш кернеп, күйеуіне: «Алланың Елшісі бола тұра бүгін менің кезегім екенін біле тұра қалай ғана ана әйелмен сөйлесуге дәтіңіз барды?» дейді. Оның айтқанын дұрыс санап, Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзін кінәлі санап, ақталмай, үндемей қалады. Біраз уақыт өте сабасына түскен Умму Сәляма өзінің қылығынан ұяла бастайды. Ол бірден тәубәсіне келіп, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өтіне: «Уа, Алла Елшісі! Қызғаныш салдарынан өзімді осылай ұстадым. Алладан мені кешіруін сұраңызшы!» дейді. (Ибн Сад, Табакат, 8/76) 

Мінеки, реніш орын алған жағдайда шамалы сабыр мен төзім, түсіністік пен үндемей қалу ақталғаннан да оң нәтижелер береді.  Ашу — бұл жалынсыз от қой, оған біраз қызғаныштың шоғын қосса, айналаның бәрі отқа шарпылады емес пе? Тек судың ғана отты сөндіретіні белгілі. Нәпсі - от, ал жүрек су сияқты. Адам ашулана бастағанда, қозу басталады, егер осы сәтке қарсыластың қозуын қоссақ, бір отқа басқа от қосылғандай болады. Мұндай кезде жағдай бақылаудан шығып кетеді.

Алла сақтасын, өйткені егер өрт басталса, оның немен тынары беймәлім. Кейде битке өкпелеп тонын жағып жібереді. Ал соңында тон жанып, бит қашып, ал адам құралақан қалады. Егер күйеуі ашулана бастағанда әйелі үндемей қойса, көп ұзамай жалын жанбай жатып өздігінен сөніп қалады. Ал егер әйелі дауыс көтеріп жатса, онда күйеуі сабыр сақтап, үндемесе дұрыс болады. Егер күйеуін ыза кернеп, әйелін қайтсе де бағындырмақ болса онда ұрыс-керіс басталады. Бұл жағдайда ұрыс-керіс екі жаққа да пайда бермейді. Бірақ бұл ұрыс шайтанды ғана қатты қуандыратын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат