Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ислам көзқарасы турасынан дұрыс тамақтану қандай болуы керек?

www.muftyat.kz 08.09.2017 134 0 пікір

Сұрақ: Ислам көзқарасы турасынан дұрыс тамақтану қандай болуы керек? 

Жауап: Адамның асқа деген тәбетінің болуы әрі дастарханда аштықты басатын рұқсат етілген тамақтың тұруы Алла Тағаланың ұлы мейірімі мен жомарттығы болып табылады. 

Әр кез дастарханға жайғасарда, Алла Тағаланы, Оның мейірімін еске алып, нәсіп етілген тамақ жөнінде ойлану қажет.

Тамақ ішер алдында «Бисмилляһ» деп айту - зікір, ал осы нығметтің бәрін Кімнің беріп жатқанын есте сақтау - ойлану болып табылады. Ал тамақ соңындағы «Әлхәмдулилляһ» разышылықты білдіру болып табылады. 

Кімде-кім дастархан басына отырғанда зікір айтып, ойланып отыратын болса, оның жеген тамағы ағзасына пайда әкеліп, ал оның амалдар кітабына «разылық білдіріп, шүкірлік етті» деп жазылған болады.


Сондай-ақ, ислам ғалымдары тамақ ішу кезіндегі артық салмақтың пайда болуына кедергі келтіретін сүннетті де еске салады. Аталмыш сүннетке сәйкес, қажет болғанынша ғана жеп, дастархан басынан біраз тоймай тұру қажет.  Ал тойса да, қомағайланып тамақты асай беретін адам семіруден қашып құтыла алмайды.

Қанағатсыздық пен ысырапшылдықты тыятын аятта былай айтылған: «Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді » (7:31).

Мұнан келесіні аңғаруға болады, адам қажеттілік аясында ғана жеп-ішуге ерікті. Алайда,  адам тойып тұрғанын біле тұра, мөлшерден артық жесе, бұл ысырап болып табылады. Дастархан басынан қатты тоймай тұрып кетуге тырысу қажет, өз кезегінде семіздікке әкелетін  тамақ ысырапшылдығына бой алдырмаған жөн. Осы жөнінде Ибн Сина былай айтқан: «Асқазандарыңды қажеттіліктен артық тамаққа толтырмаңдар. Аз жеп, тамақтан соң  5-6 сағат күте тұрыңдар. Дауа — ас қорытуда, ал денсаулық - сабырда».

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тамақ мөлшері жөнінде айтқан сөзі денсаулық рецепті болып табылады: «Асқазандарыңды үшке бөліңдер, бір бөлігі — тамаққа, екінші бөлігі — суға, ал үшінші бөлігі - ауаға».

Ендеше, дастарханға отырғанда тәбетпен отырып, ал тамақтанып болғанда біраз тоймай, асқазанда су мен ауаға орын қалдырып тұру керек. 

Бірде тоя тамақ ішіп алған Самура ибн Жундаба (оған Алла разы болсын) ұлының  жүрегі айнып кеткендігі келтірілген. Сонда Самура оған былай айтыпты: «Егер сенің жүрегің айнып кеткен соң, сен өліп қалар болсаң, саған жаназа намаз оқу керектігіне мен күмәнданар едім. Артық тамақ жеуден өлу — тақуалықтың белгісі болып табылмайды».

Омардың (оған Алла разы болсын) былай айтқаны келтірілген: «Жаның қалағанның бәрін жей беру қажеттілік болып табылмайды. Керісінше, бұл ысырап болып табылады, ал Алла ысырап етушілерді сүймейді».

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат