Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызымызды би мектебіне беруге бола ма?

muftyat.kz 11.08.2017 149 0 пікір

После достижения совершеннолетия девушки, в обучении танцам нет особой необходимости

Қыз бала балиғат жасқа толған соң, оны биге берудің сондай қажеті жоқ

Сұрақ: Қызымызды би мектебіне беруге бола ма?

Жауап: Балиғатқа толған қыздың бөтен ер адамдармен билеуіне болмайды,  сондықтан би үйренудің сондай қажеті жоқ. Балиғат жасқа толғанша қыздар ұлдармен билеп, бірге ойнауларына болады, бірақ кішкене күнінен балаларды белгілі мінез-құлық шеңберін сақтауға үйрету қажет.

Ислам шариғат турасынан рұқсат етілген әрі заңды деп танылған көңіл көтеру түрлеріне шек қоймайды.  Еркектер мен әйелдер бір-бірлерінен бөлек жерде көңіл көтере алады. Алайда еркектер мен әйелдердің бірлесе отырып көңіл көтеруі рұқсат етілмеген болғандықтан, бекітілген қағидалардың бұзылуының себебі болуы мүмкін. Ал би — өздігінен тыйым салынған болып саналмайды.

Сонымен, егер адам діннің ұйғарымы мен тыйым салуларын сақтай отырып, шариғат талаптарына сай жерлерде бимен айналысатын болса, онда тұрған еш әбестік жоқ. Алайда бидің өзінде немесе биді өткізуде Ислам тыйым салған элементтердің болуы, оның рқұсат етілмеуіне әкеліп соғады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат