Еліміздің Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет 27 қаңтар, жұма күні Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма намазының алдында уағыз айтты. Мәуліт айының жақындауына орай, Дінбасы «Пайғамбар миғражы» атты тақырыпта уағыз айтып, уағызда сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с) көкке көтерілуі, Алла тағаламен тілдесуі, елу уақыт намаздан бес уақыт намаз болып қысқартылып, мұсылман үмметіне парыз етілуі және т.б. миғражға тән оқиғаларды баяндады.
Семей аймағының өкіл имамы Ержан қажы Малғажыұлы төл дінімізді насихаттауда имамдарға әр уақытта қолдау жасап, дінімізді телеарна арқылы насихатталуына үлес қосып жүрген Семей аймағына хабар тарататын жергілікті ТВК- 6 теле арнасында болды.
«Ақ – алтын» жалпы орта мектебінде «Кері тартпа діни ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта семинар өтті. Семинарға ауыл әкімшілігінің бас маманы Ізбасаров Данияр, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алибеков Арапбек, аудан имамы Асылхан Данияров, Ақ – алтын ауыл мешітінің молдасы Тамғабаев қатысты.
Былтырғы жылғы дін саласында қолға алынған жоспарлардың бірі- көшпелі семинар өткізу шарасы алғаш Хромтау ауданында іске асырылды. Аудан имамдарының діни білімін жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу мақсатындағы алғаш өткізілген бұл шараға облыстың дін өкілдерімен, атқарушы орындардың өкілдері, студенттер және жергілікті халық қатысқан кездесумен басталды.
ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі, қыстың қытымыр аязына қарамай, дінімізді насихаттау мақсатында қала және аудан имамдарының басын қосты. Аймақтың өкіл имамы Ержан қажы Малғажыұлы сөз басында Діни басқармада өткен былтырғы жылдың қортынды жиналысы төралқа да айтылған пікірлермен ескертпелеріне және аймақта атқарылған діни іс шараларға қандай баға берілгеніне тоқтала кетті.
Шариғатымызда харамға қандай үкім берілген? (Жансерік)
Жауап:
Исламдық тұрғыдан жасалуы да, тұтынуы да қатаң тыйым салынған нәрселер харам болып табылады. Мәселен, нақақтан нақақ кісі өлтіру, доңыз етін жеу, арақ ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, ғайбаттау, жала жабу, бисмилла деп бауыздалмаған малдың етін жеу т.б.
Аталмыш харам нәрселерді жасаудың шариғаттағы үкімі – ауыр күнә. Ақыретте ауыр азапқа душар болады. Сондықтан харамды харам, халалды халал деп біліп, амал ету керек. Егер Құран мен сүннет харамдығын анық білдірген нәрсені халал десе, иманы жоғалады. Мәселен, арақ ішуді харам емес, халал деу адамды діннен шығарады.
Әус ибн Әус (р.а.):
«Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар. Өйткені, сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі – деп айтты» – деген.